Андрей Лукин «Айсанам де Luxe - Успех» ТҚК-нің мүшелерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құқық қорғау қызметінің орталығында Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин «Айсанам де Luxe - Успех» ТҚК-нің мүшелерімен кездесті және олардың өтініштеріне жауапты тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Еске салсақ, 2016 жылғы 28 қарашада «Азбука жилья» компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімімен құрылыс салушының барлық активтері залалды өндіру есебіне тұрғын үй құрылысы кооперативтеріне берілді.

Бұл оларға «Азбука жилья» компаниясының тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтауға мүмкіндік беру мақсатында жасалды.

Мұндай ТК-нің барлығы 7. Олардың әрқайсысында ТҚК бар.

Бірақ «Айсанам де Luxe» ТК-де екі ТҚК құрылған - бұл «Айсанам де Luxe - Успех» және «Айсанам де Luxe - Отау».

Бұл ТҚК-нің ішінде келіспеушіліктер бар.

«Айсанам де Luxe - Отау» ТҚК мен басқа 6 ТҚК-нің өтініші  бойынша Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы жоғарыда көрсетілген сот үкімі сотталғандардың және «Азбука жилья» компаниясының мүліктерін «Орда Инжиниринг» ЖШС-нің теңгеріміне беру жолымен орындалуы тиіс деп түсіндірді.

Өз кезегінде, 230 инвестордан құралған «Айсанам де Luxe - Успех» ТҚК осымен келіспейді.

Ағымдағы жылдың 23 қазанында аталған ТҚК-нің бастамашы тобы кезекті рет Бас прокуратураға жүгінді. Негізгі талаптарының бірі «ОРДА Инжиниринг» ЖШС-не мүлікті беруді жою үшін сот үкіміне наразылық енгізу болып табылады.

Алайда бұл ұстаныммен 7 ТҚК-нің құрамына кіретін 2 мыңнан астам азамат келіспейтін болып шықты.

Көрсетілген 7 ТҚК-нің өкілдері өздерінің пікірлерін ағымдағы жылдың 25 қазанында Құқық қорғау қызметінің орталығында өткен баспасөз-конференциясында білдірді.

Олар тұрғын үй құрылысының барысы және оларға бақылау жасау бойынша қабылданған шаралар туралы айтты. Олардың сөзінше наразылық енгізу саны көп азаматтардың мүдделеріне нұқсан келтіреді, өйткені тек «Айсанам де Luxe» ТК-нің құрылысы емес, басқа 6 ТК-де тоқтайды.

Сондықтан олар Бас прокуратурадан және басқа мемлекеттік органдардан араласпауын және «Айсанам де Luxe - Успех» ТҚК-нің талаптарын орындамауды сұрады.

Бас прокуратура сол бір мәселе бойынша қарамақайшы ұстанымдарды ескере отырып, өз жауабында «Айсанам де Luxe - Успех» ТҚК-нің бастамашылық тобына шоғырландырылған пікірге келуді ұсынды.

Егер жоғарыда көрсетілген барлық ТҚК өкілдерінің арасында консенсус болмаған жағдайда оларда кассациалық тәртіпте апелляциялық сатының қаулысын қайта қарау туралы өтінішпен Жоғарғы сотқа өзбетінше жүгіну құқығы бар. 

Соңғы жаңалықтар