Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Андрей Малахов: Қайрат Нұртас «Қазақстанның үздік әншісі» атануға лайық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік белгілі тележүргізуші Андрей Малахов «МУЗ-ТВ» шарасының «Қазақстанның үздік әншісі» аталымында Қайрат Нұртастың жеңгенін қалайды. Бұл туралы ол бүгін өткен ОКҚ брифингінде айтты.

Андрей Малахов: Қайрат Нұртас «Қазақстанның үздік әншісі» атануға лайық

«Шара аясындағы «Қазақстанның үздік әншісі» аталымы бойынша дауыс беру аяқталып қойды, бірақ әзірге нақты нәтижесі белгісіз. Сондықтан мен өз ойымды айта берсем, ештеңе етпейтін болар. Менің ойымша, қазақстандық әншілердің ішінде үздіктерінің бірі - Қайрат Нұртас. Мен соның жеңгенін қалаймын. Және оның әндері Ресейде танымал бола түссе екен деймін», - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, «Қазақстанның үздік әншісі» атағына «МузАрт» тобы, Қайрат Нұртас, Әли Оқапов, Нұрлан Абдуллин, Жанар Дуғалова ұсынылған. Дауыс беру қорытындысы бүгін кешке «Астана Арена» стадионында белгілі болады.