Андрей Скабелка бесінші рет жеңілген «Барыста» өзгеріс жасайтынын айтты
УФА. ҚазАқпарат –«Барыс» клубының бас жаттықтырушысы Андрей Скабелка Құрлықтық хоккей лигасы аясында Уфаның «Салават Юлаев» командасымен өткен матчтан кейін баспасөз мәслихатына қатысып, Астана клубының қарсыластан ойсырай жеңілуіне түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ойын туралы ғана емес, жалпы айтар болсам, біз осындай ыңғайсыз жағдайға түсіп отырмыз. Жеке бас қателіктері өте көп..., қазір айтарға сөз таппай қалатын жағдай қалыптасты деп мәлімдеуге болады. Арамызда «жолаушылар» көбейіп барады. Бұл өте жаман, себебі лидер болуы қажет. Үйдегі матчтар соны айғақтаған еді. Иә, жігіттер жарақат алған. ірақ мен әрдайым айтып келемін, біреудің жарақаты – аз ойнап келгендер үшін мүмкіндік. Өз кезегінде олар да көп ойнағысы келетінін айтады. Бірақ іспен дәлел жоқ. Қазір тынығып аламыз. Одан әрі шешім қабылдайтын боламыз, мұндай жағдайға мойынсұна алмаймыз.
Ойынға келер болсақ, біз жаман бастаған жоқпыз. Кейін екі рет доп беріліп, екі гол соғылды. Олар аса қауіпті болмады. Дегенмен, кез келген сәт қауіпті. Қазір «Салават Юлаев» өз бабында, жылдам контршабуылдар қолданды», - деді А.Скабелка.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» Уфада «Салават Юлаевпен» кездесті. Матч 5:1 есебімен уфалықтар пайдасына аяқталды. Бұл Астана командасының қатарынан бесінші жеңілісі.