Android платформасын құрушы Энди Рубин Google-дан кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Android платформасын құрушы Энди Рубин роботехника саласында стартаптарға арналған жеке инкубатор құру үшін Google-дан кетті. Бұл туралы Lenta.ru The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Android платформасын құрушы Энди Рубин Google-дан кетті

Рубин Android-тың негізін қалауға атсалысқан. Оны 2005 жылы Google компаниясы сатып алған еді. 2013 жылға дейін осы мобильді платформаның интернет-компаниясы аясында жетекшілік еткен.

Алайда 2013 жылдың наурыз айында бұл қызметтен кетіп, Google-дың өзге бірқатар жобасымен айналысқан. Рубиннің басқаруымен Google роботехника саласындағы портфолиосын кеңейтті. Ол 2013 жылдың желтоқсанында Boston Dynamics және 2014 жылдың сәуірінде Titan Aerospace компанияларын сатып алған.