Анджелина Джоли Бағдад маңындағы босқындар лагерінде болды

МӘСКЕУ. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли БҰҰ ерікті елшісі ретінде Иракқа келді. Бұл - оның осы елге үшінші сапары,

Анджелина Джоли Бағдад маңындағы босқындар лагерінде болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жолы ол бұдан екі жыл бұрын Әбу-Грейб қаласында болған исламдық топтардың қақтығысы салдарынан үй-күйсіз қалған Бағдад маңындағы босқындар лагерінде болды.

Джоли бірнеше ирактықтар отбасымен кездесіп, оларға көмектесуге уәде берді. Бұдан кейін актер американдық әскери базалардың бірінде сарбаздармен суретке түсті.