Анджелина Джоли фильмінің кейіпкері дүние салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры және Анджелина Джолидің «Қайсар» фильмінің кейіпкері Луи Замперини 97 жасында дүниеден озды, деп жазады Universal Pictures студиясына сілтеме жасай отырып THR.
Анджелина Джолидің Замперини туралы «Қайсар» фильмі экранға осы жылғы 25 желтоқсанда шығады.
«Бұл қазаның ауырлығын тілмен айтып жеткізу қиын. Оның өмірімізді байытуға қосқан үлесіне алғысымыз шексіз. Оны біз үнемі сағынатын боламыз», - деді А.Джоли. Америкалық Луи Замперини 1936 жылы Берлиндегі Олимпиада ойындарына қатысты.
Майданға аттанған оның ұшағы Жапонияда оққа ұшып, Замперинидің өзі тұтқынға түседі, ол жерде қатты азап шегеді. Үйіне соғыс аяқталған соң ғана оралады.