Анджелина Джоли гуманизм ісіне қосқан үлесі үшін киноакадемия сыйлығына ие болды

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Анджелина Джоли гуманизм ісіне қосқан үлесі үшін Джин Хершолт атындағы киноакадемия сыйлығына ие болды, деп хабарлады Утро.ру Assotiated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Анджелина Джоли гуманизм ісіне қосқан үлесі үшін киноакадемия сыйлығына ие болды

Бұл марапат киноактрисаның Motion Picture & Television Fund қайырымдылық ұйымын 18 жыл басқаруы және төрт жыл киноакадемия басшылығында болуы құрметіне ұсынылды.

«Бұл марапатты алу менің дұрыс жолда келе жатқанымды сезінуге мүмкіндік береді және алайда әлі де көп жұмыс жасау қажет екенін ұқтырады», - деді Джоли.