Анджелина Джоли өрмекшіні қалай жеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Камбоджаға барған американдық актриса Анджелина Джоли өз балаларымен бірге өзгеше тамақ түрінен, яғни қуырылған өрмекшілерден және басқа да жәндіктерден дәм татқан.
None
None

Атақты әртіс мұны «Би-би-сиге» берген сұхбаты кезінде істеді.

Түскі тамақ жайлы видеожазба Twitter-де BBC News (World парақшасында жарияланды.

Сұхбат барысында американдық келіншек, жергілікті халық 1967 жылдан 1975 жылға дейін созылған азаматтық соғыс кезінде жәндіктерді жеуге мәжбүр болғандығын еске салды.

Джоли Камбоджада «Алдымен олар менің әкемді өлтірді» деген картинаның режиссері ретінде жұмыс жасау үшін келген. Осы сапарында әлемге танымал өнер иесі алғаш рет Брэд Питтпен ажырасу процесі жайлы да әңгімеледі.

Оның сөзіне қарағанда, айырылысу екеуіне де оңай тимеген. Бірақ бұған қарамастан, олар әрқашанда бір жанұя болып қала бермек және бір-бірін үнемі қолдап жүретін болады. Сондай-ақ ортақ балаларын бірге тәрбиелемек.

41 жастағы Джоли мен 52-ні еңсерген Питт үш асыранды бала:  Камбоджа тумасы Мэддоксты,  Вьетнамдық Паксты және Эфиопиядан Захарды тәрбиелеуде. Сонымен қатар бұл жұптың биологиялық үш баласы бар: қызы Шайло, егіз Нокс пен Вивьен.

Соңғы жаңалықтар