Ангела Меркель партиясы негізгі сайлауда жеңіліс тапты
АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Ангела Меркель партиясы Германияның маңызды жерлерінен айырылды. Бұл туралы аймақтық сайлаудың экзит-полл деректері куәландырады.
Алдын ала нәтижелерге сәйкес, Христиан-демократиялық одағы 60 жылға жуық биліктің қолында келген Баден-Вюртемберг жерін басқаруды уысынан шығарып алды.
Неміс БАҚ-тары мұның себебі - энергетика саласындағы түсініксіз саясат деп жазып жатыр. "Жапон "Фукусима-1″ АЭС-індегі оқиғадан кейін, елде атом энергиясын пайдалануға қарсы наразылық толқыны көтерілді. Осының шеңберінде «жасылдар» партиясы үлкен жетістікке жетті. Қоршаған ортаны қорғаушылар әрбір төртінші сайлаушының қолдауына ие болды, енді оларда социал-демократтармен бірге басқарушы коалициясын құру мүмкіндігі пайда болды", - деп хабарлайды "Россия-24″ теларнасы.