Ангела Меркель шаңғы теуіп жүріп, жарақат алды

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - ГФР канцлері Ангела Меркель шаңғы теуіп жүріп, жарақат алды, деп хабарлады Утро.ру.

Ангела Меркель шаңғы теуіп жүріп, жарақат алды

Шетелдік БАҚ осы оқиғаға байланысты ол жоспарланған кездесуін кейінге қалдырғанын жазады. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.

Ал РБК оның Швейцарияда демалып жатқан кезінде шаңғы теуіп жүргенде, құлап, жамбас сақинасын зақымдағанын хабарлады. Бұл туралы Bild басылымы ГФР үкіметінің баспасөз хатшысы Штефан Зайбертке сілтеме жасап мәлімдеген. Басылымның нақтылауынша, канцлер алдағы үш аптаға жоспарланған барлық кездесулері мен сапарларын кейінгі қалдырған.

Бұдан бұрын өткен жылдың желтоқсан айында Меркельдің лимузині жол-көлік апатына ұшыраған болатын. Дегенмен онда ешкім де зардап шекпеген еді. Канцлердің машинасы да елеулі зақымданған жоқ.