Ангела Меркель төртінші рет ГФР канцлері болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ГФР-дің қазіргі канцлері Ангела Меркель 2017 жылы төртінші рет канцлерлікке сайлауға қатысу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Риа Новости.
None
None

Басылымның хабарлауынша, Меркель осыған дейін Христиан-демократиялық одағының бас хатшысы Петер Таубермен және партияның басқарушы директоры Клаус Шюлермен сайлауға дайындық барысын талқылаған.

Мәлімет бойынша, Меркель өзінің ресми шешімін 2016 жылдың басында жарияламақ. Ол 2005 жылы алғаш рет канцлер атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар