Ангела Меркель үшінші мерзімге қайта сайланды
АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Христиан-демократиялық одағының көшбасшысы Ангела Меркель бундестаг депутаттарымен (парламенттің төменгі палатасы) герман үкіметінің басшысы болып бекітілді, деп хабарлайды РБК.
Германияда 22 қыркүйекте өткен парламент сайлауында канцлер Ангела Меркельдің партиясы жеңіске жетті. Сайлау қорытындысы бойынша Ангела Меркель елді қатарынан үшінші мерзім басқарады.
Дауыс беру қорытындыларына қарағанда, Меркельдің консервативтік Христиан-демократиялық одағы мен оның одақтасы Христиан социалдық партиясы 41,5 пайыз дауыс жинаған. Бірақ басқарушы коалициядағы серіктесі Еркін демократиялық партиясы парламентке өтуге қажетті бес пайыздық межені жинай алмады.
«Үлкен коалиция» Христиан-демократиялық одағы социал-демократтармен бундестагтағы 631 орынның 504-ін алып отыр. Демек ірі партиялардың барлық депутаттары коалициялық үкімет құруды қолдап отырған жоқ деген сөз.
Ангела Меркель - екінші дүниежүзілік соғысы аяқталған уақыттан бері Германия тарихында Конрад Аденауэр мен Гельмут Кольдан кейін үшінші мерзімге сайланған канцлер болып отыр.
Еске сала кетейік, кеше ГФР тарихында тұңғыш рет Қорғаныс министрі болып әйел адам - Христиан-демократиялық одағының өкілі, бұрынғы Еңбек министрі Урсула фон дер Ляйен тағайындалғаны мәлім болды.