Ангелина Лукас әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Ангелина Лукас келесі жекпе-жегінде тәжірибелі қарсыласпен кездесіп, әлем чемпионы атағы үшін таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ангелина Лукас әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шығады

22 қазанда А.Лукас Ыстанбұлда (Түркия) өткен бокс кешінде украиналық Алена Гуриеваны жеңіп, UBO International титулын жеңіп алған болатын.

«Келесі жекпе-жекте рекорды жоғары қарсыласпен кездесемін. 22 қазанда титул үшін жұдырықтасқан украиналық қарсыласым өткен жылы Еуропа чемпионы Стефания Сильвамен кәсіпқой бокстағы сегіз күрделі раундтың бәрін өткізді. Стефания – өте тәжірибелі боксшы, соған сәйкес украиналық қарсыласым да мықты еді.

Келесі жекпе-жекте қарсыласымның рекорды тиісінше бұдан да жоғары болады және біз титул үшін күресеміз. Тағы бір титул, әлем чемпионы титулы», - деп жазды спортшы Instagram-дағы парақшасында.








Фото: sports.kz