Ангелина Лукас алғаш рет кәсіпқой рингте жеңілді

ангелина лукас
Фото: Ангелина Лукастың жеке мұрағатынан

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (5-0, 2 КО) Ыстанбұлдағы бокс кешінде титулдық жекпе-жек өткізді. Kazinform бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Лукас рингте чилилік спортшы Даниэла Асенхомен (14-3-3, 2 КО) кездесіп, жеңіліп қалды. Солайша, Д.Асенхо жеңіл салмақта WBC Silver чемпионы атанды.

Ангелина Лукас кәсіби мансабында алғаш рет шығылып тұр, Даниэла Асенхо болса, он бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Лукас профи-рингке 2021 жылдың желтоқсанынан шығып жүр. Бұған дейін ол WBC International және UBO чемпиондық титулдарын жеңіп алған еді. Жанкүйерлер Ангелина Лукасты мүсін-сымбаты ең әдемі боксшы деп санайды.

Айта кетейік, бұған дейін А.Лукас ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында жеңіл жол іздемейтінін, мықты қарсыластарға дайын екенін айтқан болатын.Биылғы сәуір айының соңында Ыстанбұлда WBC атағын жеңіп алды. Ал мамыр айында Петропавлда бокстан өткен турнирдің ширек финалында Ангелина Лукас Балауса Мұздиман есімді спортшыдан жеңіліп қалды. 

 

Соңғы жаңалықтар