Ангелина Лукас жекпе-жек алдында салмақ өлшеп, қарсыласымен көз арбасты

лукас
Фото: instagram.com/angelina_lukas1997

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас жеңіліп көрмеген қарсыласымен жекпе-жек алдында салмақ өлшеді.  

Ангелина Лукас бүгін Таиланд астанасы Бангкокта өтетін жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу және көз арбасу рәсімінен өтті.

30 наурызда жергілікті промоушн өткізетін бокс кеші аясында Лукас жеңілмеген тай спортшысы Таньярат Джайклмен (6-0, 6КО) айқасқа шығады.

лукас
Фото: instagram/angelina_lukas1997

Жекпе-жек әрқайсысы екі минутқа созылатын алты раундтан тұрады.

Кездесу қарсаңында қос қарсылас екінші жеңіл салмақтың шегінде екеніне көз жеткізді.

Лукас мұның алдындағы жекпе-жегін 29 ақпанда Таиланд астанасында өткізген.

Ол кезде қазақстандық боксшы төртінші раундта тағы бір тай боксшысы Кадесара Джадпакдиді (7-4, 4КО) нокаутқа жіберген болатын. 

Соңғы жаңалықтар