Англия: баласын азаптаған ата-аналар өмір бойы абақтыда отыру жазасына кесілді

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Ағылшын соты бірнеше ай бойы жабық бөлмеде қамауда отырып, аштықтан және соққыдан өлген төрт жасар баланың анасы мен өгей әкесін кісі өлтіру қылмысы бойынша айыпты деп танып, өмір бойы абақтыға отырғызу үкімін шығарды. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Англия: баласын азаптаған ата-аналар өмір бойы абақтыда отыру жазасына кесілді

Магдалена Лутчак пен Мариус Крезоулек мерзімінен бұрын шартты босату туралы қолдаухат алардың алдында түрмеде кем дегенде 30 жыл отыруы тиіс деген қаулы шығарылды. Бұл сот Бирмингемде өтті.

Дәрігерлер мәліметі бойынша Дэниел есімді бала концлагерь құрбаны секілді тым жүдеп кеткен көрінеді. Өлер алдында жеткіншектің салмағы 10,5 келіге жуық болған екен.

Қоғамдық белсенділер бұл оқиғаға жұрттың куә бола отырып дабыл қақпағанын негізге алып, қосымша тергеу жүргізуді талап етуде. Өйткені баланың денесінде күдікті жарақаттар болған, салмағын көп жоғалтқан, оған қоса, ол қоқыс маңын аралап жүрген.