Англия құрамасының жанкүйері үйіне 300 ту іліп қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағылшын құрамасының жанкүйері Тони Баддамс Бразилияда футболдан өтетін әлем чемпионатына шығатын ұлттық құраманы қолдайтынын ерекше тәсілмен білдіргісі келді.

Англия құрамасының жанкүйері үйіне 300 ту іліп қойды

46 жасар ер адам өз үйіне Англия құрамасының 300 туын және рәміздер бейнеленген жейделер іліп қойды, деп жазады Mirror.

«Мұндай оқиға төрт жылда бір-ақ рет болады, сондықтан сүйікті командаларымызға барынша қолдау көрсеткеніміз жөн» , - дейді жанкүйер.