Англия мен Уэльсте «Хэнк» дүлей дауылы көтерілді

Англия мен Уэльстің біраз бөлігін «Хэнк» дүлей дауылы шарпыды. Нөсер жауын мен қатты жел тұрғындарды жарықсыз қалдырып, су тасқыны көлік қатынасын үзді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Дауыл
Фото: mir24.tv

Желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға дейін жетіп, халықты әбігерге түсірді.

Ресми деректерге сәйкес, жүздеген мың абонент дауылдың салдарынан электр қуатынсыз қалған. Автокөлік және теміржолдарды су басып, жолаушылар діттеген жерлеріне жете алмай жатыр.

Метереологиялық басқарма қауіптіліктің сары деңгейін жариялап, халыққа аса қажеттілік туындамаған жағдайда үйден шықпауға кеңес беруде. «Хэнк» дауылы соңғы үш айда болған сегізінші стихиялық құбылыс болып тұр. Мамандар дүлей желдің енді Еуропаның солтүстігіне қарай жылжитынын болжады.