Англияда Агата Кристидің екі белгісіз әңгімесі табылды

ЛОНДОН. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда Агата Кристидің екі беймәлім әңгімесі табылды.

Англияда   Агата Кристидің екі  белгісіз  әңгімесі  табылды
Қолжазбалар жазушының Девон графтығындағы үйінде табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап.Әңгімелердің бірі - «Ит етінің құпиясы», екіншісі ? «Церберді ауыздықтау» деп аталады. Соңғы әңгіменің атауы Кристи шығармашылығын білетіндерге жақсы таныс, бірақ бұл жерде әңгіменің мүлдем басқа нұсқасы туралы сөз болып отыр. Жаңа туындыларды жазушының жарты жыл бойы жүргізген 73 күнделік-дәптерін зерттеумен айналысушы графолог Джон Карран тауып отыр.