Англияда алғашқы пластик ақша айналымға шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Англия банкінің басқарушысы Марк Карни Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль бейнеленген жаңа бес фунттық банкнотты көрсетті, деп хабарлады Lenta.ru. Бұл - Англия мен Уэльс аумағында қолданысқа енген алғашқы пластикалық ақша.

Англияда алғашқы пластик ақша айналымға шығады

Ақша таныстырылымы бұрынғы британиялық лидердің туған жері Бленхеймде өтті.  Банкнот ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінен қолданысқа енеді.

Фото: @gsc1