Англияда Джон Леннонның үйі саудаға шығарылды

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - Англияның Вейбридж қаласындағы Суррей графтығында бірнеше жыл бойы Beatles тобының мүшесі Джон Леннон тұрған үй 13,7 млн. фунтқа саудаға шығарылды.

Англияда Джон Леннонның үйі саудаға шығарылды

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Леннон осы үйде Beatles -тың "Sgt. Peppers Lonely Hearts Club Band" деген атпен шыққан сегізінші альбомына арналған бірнеше әнді жазған. Бұл жинақ топтың ең танымал пластинкасы.

Леннон тұрған үй саудаға аумағы 0,6 гектар жермен бірге шығарылды.