Англияда қақпашы өз айып алаңынан қарсыластар қақпасын дәл көздеді. ВИДЕО
АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Футболдан Англия чемпионатының оныншы турында жанкүйер күтпеген керемет нәтижелер тіркелді, деп жазады «Аламан».
Жозе Моурниьо баптайтын «Челси» сырт алаңда «Ньюкаслдан» ұтылып қалды. «Сток Сити» мен «Саутгемптон» арасындағы ойында ерекше оқиға орын алды. «Сток Сити» қақпашысы Асмир Беговичтің ойынның 12-секундында өз айып алаңынан тепкен добы Артур Боруцтың қақпасынан табылды. Бегович - Англия чемпионатында гол салған бесінші қақпашы. Ал «Манчестер Сити» «Норвич» қақпасына жауапсыз жеті гол тоғытты.