Англияда контейнерде тұншыққан мигранттар босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияның Лестершир графтығының полициясы жүк көлігінің контейнерінде болған 15 заңсыз мигрантты босатты. Бұл олардың біреуі - жеті жасар ауғандық бала көмек сұраған смс-хабарлама жолдаған соң болған.
Полиция өкілдері ішінде мигранттар болған жүк көлігі Англияға франциялық Кале қаласындағы «Джунгли» деп аталатын лагерьден шыққанын хабарлады.
Жүк көлігі жолға шықпас бұрын Help Refugees қайырымдылық ұйымының мүшелері баланың қолына қажеттілік туындаған жағдайда көмек сұрауға болатын телефон ұстатып жіберген.
Жолда бала қайырымдылық акциясы өкілдерінің біріне хабарлама жіберіп, контейнерде тұншығып отырғандарын, ал жүргізуші көмек сұрағанмен еш назар аудармағандығын жазды.
Help Refugees британдық полициямен байланысқа шықты, өз кезегінде полиция өкілдері жүк көлігін тапты.
Хабарланып отырғандай, бір адам заңсыз көші-қонға көмектесу күдігімен қамауға алынды. Жүк көлігінен босатылған мигранттардың жағдайы жақсы.