Англияда құны 8 миллион доллардың ұялы телефоны жасалды
АСТАНА. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат - Ағылшын зергері құны 8 миллион доллардың (5 миллион фунттың) ұялы телефонын жасады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Төртінші буынның "Ай-фон" аппаратының корпусы алтыннан жасалып, 550 гауһар таспен безендірілген. Бұл әлемдегі ең қымбат телефон болып табылады.
Ливерпулдік Стюарт Хьюз осындай телефонның екі данасын жасаған. Екі телефон да бір адамның - анонимді австралиялық бизнесменнің тапсырысымен жасалған.