Англияда мигранттарға арналған орталықта бүлік шығып, нысандар өртенді

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Англияның Кент графтығында заңсыз мигранттарды орналастыру орталығын өртеді деген күдікке ілінген бес адам ұсталды. Лагерьдің тұрғындары әуелі асхананың астан-кестенін шығарып, одан кейін ғимараттардың бірінен өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Англияда мигранттарға арналған орталықта бүлік шығып, нысандар өртенді

Құқық қорғаушылар елдің ішкі істер министрлігін мигранттармен қатал болды деп айыптап отыр. Лагердің басшысы Прити Пател керісінше мигранттар осы әрекетімен британдық салық төлеушілерді шығынға ұшыратты деп мәлімдеді.

Графтық полициясы өкілінің айтуынша, тәртіп сақшылары лагер кеңсесі өкілдерімен бірге оқиғаға жауапты адамдардың тізімін жасап жатыр.

Бұған дейін полицияда мигранттар тобы шығарған тәртіпсіздік кезінде лагерь орналасқан бұрынғы казарма ғимараттарының бірі қатты бүлінгенін мәлімдеді.

Жұма күні толқу өткен уақытша ұстау орталығы Лондоннан оңтүстік-шығысқа қарай Фолкстон қаласындағы ескі казармалар ғимаратында орналасқан. Қыркүйек айынан бері онда пана сұрап келген және заңсыз 400-ге жуық мигрант тұрып жатыр. Олардың көбі негізінен Францияның Кале қаласынан келді.

Кешке мигранттардың бір бөлігі орталық асханасының тас талқанын шығарып, казарма кешенінің терезелерін сындырды. Күзет қызметкеріне шабуыл жасалғаны туралы да хабарланды.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полиция шақырылды. Ішкі істер министрлігінің есебінде казарма кешені ғимараттарының бірі жойылғаны туралы айтылған. Абырой болғанда, тәртіпсіздіктер кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Кент графтығы полициясынан хабарланғандай, күзетшіге шабуыл жасауда бір адам, ал өрттің шығуына қатысы бар тағы төрт адам ұсталды. Полицияда бұл жағдайды жаппай тәртіпсіздік деп санамайтынын, бірақ өрттің шығуын әдейі өртеу деп тергеп жатқанын атап өтті.