Англияда Нидерланды суретшісінің қолды болған 400 шығармасы табылды

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Нидерландының экспрессионист-суретшісі Карела Аппелдің  ұрланған 400-ден астам полотносы Ұлыбританиядағы қоймадан табылды,деп хабарлайды утро.ру.

Англияда Нидерланды суретшісінің қолды болған 400 шығармасы табылды

Қылқалам шебері 2006 жылы қайтыс болған еді. Оның 2002 жжылы қолды болған туындыларының жүздеген мың франк шамасында. 
     
Бір қызығы, картиналар табылған қойманы Рождество мейрамы қарсаңында британдық бір фирма сатып алған. Ал шығармалардың ешқандай құжаты болмаған көрінеді.  Жоғалған заттарды іздеумен айналысатын логистикалық компанияның жұмысшысы, шамасы ғаламтор арқылы экспрессионист суретші жайлы деректерді кездестірген болуы керек. Бұдан соң 30 картина Bonhams аукцион үйіне сараптамаға жіберілген.   Сараптама нәтижесі бойынша Карела Аппелдің осы туындылардың авторы екендігі ресми дәлелденді.