Англияда темекіқұмарлар саны күрт азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Статистикалық мәліметтер бойынша, ағылшындық темекіқұмарлардың көпшілігі электронды шылымға көшіп жатыр, ал, кейбірі никотиннен мүлдем бас тартуда.

Англияда темекіқұмарлар саны күрт азайды

Англиядағы шылымқорлар саны рекордтық төмен деңгейге жетті. Британдық денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылы ересек ағылшындардың 16,9 пайызы шылым шегетіндерін айтқан. Ал, бұл көрсеткіш 2012 жылы 19,3 пайыз болған еді, деп жазды ВВС Ресей қызметі.

Сарапшылардың айтуынша, «дәстүрлі» темекіқұмарлардың көпшілігінің зиянды әдеттен арылуларына электронды шылым көмектескен.

Өткен жылы 2,5 миллион адам темекіні қоюға бел буған және оның 20 пайызы шылымнан түбегейлі бас тартты. Алты жыл бұрын Англияда жеті адамның бірі ғана темекіден бас тарта алған.

Миллионға жуық англиялық электронды темекіні пайдаланатынын айтқан. Мамандардың мәліметтерінше, 28 күн бойы шылым шекпеген адам зиянды әдетті түпкілікті қойып кете алады.