Англияда ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда бизнес-класқа жататын жеке меншік ұшақ қону кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Би-би-си.

Англияда ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ бортында болған 4 адам да қаза тапқан.

Embraer Phenom 300 ұшағы Лондоннан 65 шақырым жердегі Блэкбуш әуежайына қонбақ болған. Ол қонуға тиіс жолақтың бітер тұсында көліктер аукционы өтіп жатқан. Екпінмен келген ұшақ осы көліктерге соғылып, жарылып кеткен. Оқиға салдарынан бірнеше көлік те отқа оранған.