11:42, 22 Қаңтар 2021 | GMT +6
Англиядағы су тасқыны: Екі мыңнан астам үйдің тұрғындары эвакуацияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Кристоф» дауылынан туындаған Англия мен Уэльстегі су тасқыны салдарынан екі жүз мыңнан астам үйдің тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
«Бұл – бұрын-соңды болмаған жағдай. Мен мұндайды өмірімде көрген жоқпын», - деді Манчестер қаласы маңының тұрғыны Терри Шелдон.
Терридің үйі Мерси өзенінен бірнеше метр қашықтықта орналасқан. Сәрсенбі күні кешке Кристоф дауылының салдарынан өзен арнасынан асқан.
Англия мен Уэльсте 200-ден астам су тасқыны туралы ескертулер жасалды, олардың бесеуі қауіпті, сонымен қатар жаңбыр мен қар туралы да хабарламалар бар.