«Англияға» деген мекенжайы ғана жазылған ашық хат діттеген жеріне жеткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рождестволық құттықтау жазылып, сыртында «Англия» деген жазуы ғана болған хат Глостершир графтығындағы алушыға жеткізілді.
Бұл хатты алушы Пол Биггс оған пошташы есік қағып, Битбург қаласындағы неміс достары жолдаған құттықтау ашықхатын әкелгенде таңданысын жасырмады.
«Бұған сену қиын. Конверттің мекенжайында елдің атауы - Англия ғана көрсетілген және ол Битбургтегі пошта бөімшесінен жіберілгені ғана жазылған», - деді таңданған хатты алушы.
Royal Mail пошта компаниясы «мекенжайды анықтайтын детективтері» болғанымен, бұл жағдай жоғары кәсіби біліктілікті айғақтайтынын мәлімдеді.
Биггстің айтуынша, хатты оның достары дүйсенбі күні жіберген, ал ол сәрсенбі күні таңертең жеткізілген.
«Ол маған поштамды бере отырып, «Германиядан ештеңе келмеуші ме еді?» деп сұрады, мен: «Мүмкін. Онда біздің достарымыз бар», деп жауап бердім», - дейді Биггс.
Ол маған «Мына хатты қараңызшы» деді. Қарасам, оның кері мекенжайында достарымыз көрсетілген. Ал бетінде «Англия» деген сөз ғана жазылған.
Биггстің айтуынша, конверт ашылмаған.
«Мен «бұл хаттың маған арналғанын қалай білдіңдер?», деп сұрадым. Ол: «Мен бұл хатпен үй-үйді аралап шықтым» деп жауап қайтарды», - дейді Биггс.
«Біз әйеліміз екеуміз таңғалдық, енді біз пошта қызметін жоғары бағалайтын боламыз және бұл оқиға бізге рождестволық сыйлық болды», - деді ол.
Әуелде конвертте толық мекенжай жазылған тәрізді, соның арқасында Англияның тиісті жеріне жеткен, бірақ та кейіннен мекенжай жазылған стикердің желімі ашылып, ұшып кеткен, деп хабарлайды Би-би-си.