Англиялық маман «Астана» клубының атқарушы директоры болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» ПКСК бас менеджері Асқар Баталов бүгін футбол клубының ұжымына жаңа атқарушы директорды таныстырды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
None
None

«Бұл лауазымға 49 жастағы ағылшын маманы Пол Эшуорт тағайындалды. Пол ұзақ жылдар бойы өз елінде «Норвич Сити», «Кембридж Юнайтед», «Питерборо Юнайтед» сияқты клубтарда жұмыс істеген. Кейін Латвияның «Венспилс», «Рига» және «Сконто» клубтарында 10 жыл тәжірибе жинақтады. Бұдан тыс, «Ростов» футбол клубының (Ресей) спорт директоры, бас бапкер міндетін атқарды, кейіннен Нигерияның «Квара» және «Онду Стейт» клубтарында техникалық директор болды.

Осылайша, Пол Эшуорт әрі бапкерлік, әрі жетекшілік шеберліктерін меңгерді. Бас менеджер, спорт директоры, техникалық директор бола жүріп, кәсіби футболшылар командаларымен де, жастармен де жақсы жұмыс істеді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, еңбек келісімшартының аяқталуына байланысты «Астана» футбол клубының президенті Саян Хамитжанов пен атқарушы директоры Қайсар Бекенов клубтан кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар