Англияның футбол құрамасы ресми демеушісінен айырылды

АСТАНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Осы уақытқа дейін Біріккен Корольдіктің төрт ұлттық құрамасын қаржыландырып келген британ құрылыс қоғамы (Nationwide Building Society), Англия футбол командасымен демеушілік келісім-шартты ұзартпады, деп хабарлайды РБК.

Англияның футбол құрамасы ресми демеушісінен айырылды

«Үш жолбарыстың» ресми демеушісінің келісім-шартты ұзартпауы, оның 11 жыл бойғы Англия футбол қауымдастығымен (FA) байланысы өз мәресіне жетті дегенді білдірмек. Футбол қауымдастығы ай сайын құрылыс қоғамынан 20 млн. фунт стерлинг (31 млн. доллар) алып отырды.

Nationwide Building Society компаниясы ағылшын ұлттық құрамасынан бөлек, Уэльс, Шотландия мен Солтүстік Ирландияның командаларын да қаржыландырып отырды.

Әлемдегі ірі құрылыс қоғамының сомалық активтері 202,3 млрд. фунт стерлингті (317,8 млрд. доллар) құрайды.