Англияның солтүстігінде жер сілкінді
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Англияның солтүстігіндегі Иоркшир графтығының Лидс қаласына таяу жерде тербелісі 3,7 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлаған.
Бұл осы айда Англияның солтүстігінде болып отырған екінші жер дүмпуі. Жерасты дүмпуінің салдарынан келген зардаптар жөнінде мәліметтер түскен жоқ, деп хабарлайды Би-Би-Си.