Англияның жоғарғы соты Ілияс Храпуновтың активтерін пайдалануға тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұхтар Әбілязовтың күйеу баласы Ілияс Храпуновқа қатысты 2015 жылғы 17 шілдеде шығарылған активтерді пайдалануға тыйым салу туралы аралық сот бұйрығын Англия Жоғарғы соты 11 ақпанда растады.
None
None

Бұл туралы forbes.kz. жазады.

Осы сот бұйрығы Мұхтар Әбілязовқа ағылшын сотының бұйрықтарын және бұдан бұрын Мұхтар Әбілязовқа қарсы шығарылған активтерді пайдалануға тыйым салу туралы сот бұйрықтарын бұзып, оның активтеріне иелік етуде Мұхтар Әбілязовқа жәрдемдескені үшін айыптау бойынша Ілияс Храпуновқа қарсы берілген БТА Банктің талапарызын қолдайды.

Өткен жылы шілдеде шығарылған активтерді тұтқындау туралы бұйрық күшінде қалады және азамат Әбілязов үшін не оның жеке атынан азамат Храпунов бақылайтын активтер бойынша мәмілені шектейді.

Тиісінше, үшінші тұлғалар олар банктің келісімінсіз немесе ағылшын сотының одан әрі өкімінсіз оның бақылауындағы активтерге қатысты азамат Храпуновпен жұмыс істемеуі тиіс екені хабардар етілді.

«БТА Банк ағылшын сотында Храпуновқа қатысты ұсынылатын банк талапарызы негізді екенін сәтті көрсетті және ағылшын соты бұл талапарыздарды қарау үшін оған қатысты құзыретке ие. Банктің пікірінше, ағылшын сотының бұл тануы Ілияс Храпуновты Ағылшын соты шығарған активтерді пайдалануға тыйым салу туралы бұйрықтарын орындаудан жалтару мақсатында Мұхтар Әбілязовпен сөз байласқаны үшін жауапкершілікке тартуға ықпал етеді.

Бұл шешім БТА Банктің М. Әбілязов ұрлаған миллиардтаған доллар қаражатты қайтаруына ұмтылуына маңызды қадам болып табылады. Бұл Ағылшын сотының бұйрықтарын бұзуға Әбілязовқа жәрдемдесетін барлық тарап үшін ескерту болмақ, олар қайда болса да, жазасыз қалмайтындықтарын көрсетеді», - делінген баспасөз парағында.

Соңғы жаңалықтар