Ангола, Малайзия, Венесуэла мен Жаңа Зеландия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелікке сайланды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ БА Ангола, Малайзия, Венесуэла мен Жаңа Зеландияны БҰҰ-ның жаңа тұрақты емес мүшелері етіп сайлады. Бұл төрт ел сайлану үшін талап етілетін дауыстың үштен екісін жинады.
Түркия мен Испания ҚК орнына келесі раундта кездесетін болады,деп хабарлады Синьхуа.
ҚК жаңа мүшелері 1 қаңтардан бастап жұмысқа кіріседі, 2016 жылдың соңында дейін кеңес құрамында болады. Олар Аргентина, Австралия, Люксембург, Корей Республикасы және Руанда елдерін алмастырады.
Жаңа Зеландия 145 дауыспен бірінші раундта сайланды. Ангола 19 дауыс, Малайзия - 187, Венесуэла 181 дауыс жинады, деп хабарлады БҰҰ БА төрағасы Сэм Кутеса.
Түркия мен Испания сайлаудың бірінші раундында талап етілетін дауыстың үштен екісін жинай алмады. БҰҰ БА Түркия мен Испания арасындағы таңдауды жүзеге асыру үшін жаңа дауыс беру раундын өткізеді.