Ангола президенті 40 жылдан соң биліктен кетуді ұйғарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 40 жыл бойы елдің билік басында болған Ангола президенті Жозе Эдуарду душ Сантуш, 2018 жылы болатын президенттік сайлауға қатыспайтындығын мәлімдеді.

«Мен биліктен кетуді, сөйтіп 2018 жылы саяси өмірімді аяқтауды ұйғардым», - деді 73 жастағы саясаткер елдің биліктегі партиясына жолдаған өз үндеуінде.

Душ Сантуш 1978 жылдың қыркүйегінен бері президенттік лауазымда. Ол бұдан бұрын өзінің саяси мансабын 2001 жылы аяқтауды мәлім еткен болатын. Бірақ кезекті рет қайта сайланып, билік басында қалған еді.

Еске сала кетсек, Ангола әлемде мұнайды экспортқа шығару көлемінен  екінші орында. Ал мұнай бағасының құлдырауы бұл елдің экономикасына қатты әсер етті, деп хабарлайды Би-би-си. 

 

Соңғы жаңалықтар