Анголада футбол стадионында кептелістен 17 адам ажал құшты
АСТАНА, ҚазАқпарат - Анголада футбол стадионында болған кептеліс салдарынан 17 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлады жергілікті аурухана басшысына сілтеме жасап Рейтер агенттігі.
«Адамдар кептелісте ауа жетпей, тұншығып қайтыс болған. Зардап шеккендер саны 76, олардың 17-сі қаза тапты», - деген аурухана басшысының сөзін келтірді агенттік.
Кептеліс елдің солтүстігінде орналасқан Уига қаласындағы стадионда орын алған. Кептеліске екі жергілікті команда арасындағы ойынға кіру үшін стадион маңын жағалаған жанкүйерлері себеп болды.