Анголада ОПЕК сессиясы өтеді

АСТАНА.  Желтоқсанның  21-і.  ҚазАқпарат  Анголада  Мұнай экспорттаушы  елдер  ұйымының (ОПЕК)   сессиясы   басталады. 
None
None

Бұл туралы «Азаттық»  радиосы  хабарлады.

Сессияда    шикізатты  өндіру  квотасын,   осыдан бір жыл бұрын белгіленген  қазіргі  деңгейде сақтау  туралы    шешім қабылданады деп күтілуде.    Дағдарыс салдарынан  шикізаттың  әлемдік  бағасының күрт құлдырауы салдарынан, сол жолы   мұнай  өндіру квотасы  едәуір қысқартылған   болатын.

75 доллар/баррель шамасындағы бағаның  қазіргі   деңгейін  картельге мүше елдердің   көбісі     оңтайлы  деп    санайды. 

ОПЕК  сессиясы    ұзақ жылдар  бойғы азаматтық   соғыстан  кейін       енді бас көтеріп, мұнайдың әлемдік  нарығындағы    жетекші  ойыншылардың  біріне айналған  Анголада    алғаш рет өткелі  отыр.

Соңғы жаңалықтар