Анголада су тасқынынан 60-тан астам адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анголада дамылсыз жауған жаңбырдың арты су тасқынына ұласып, 62 адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды Би-би-си.
Апат Лобиту қаласында орын алған. Қаза тапқандардың 35-і - балалар. Құтқарушылар қазіргі таңда тірі қалғандарды іздестіру жұмысына кіріскен.
Мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, су деңгейі 3 метрге дейін көтеріліп, ондаған ғимаратты қиратқан.