Анголадан елге қайтуына көмектескені үшін Қазақстан азаматы ҚР СІМ-іне алғыс айтты

«Мен Африкадағы Анголада жұмыс визасын күтіп екі айдан астам уақыт жаттым... Төлқұжатым болмаса да елге оралуыма көмектескен барлық дипломаттарға алғыс айтқым келеді. Айтап айтар болсам, ОАР-дағы ҚР консул Ернұр Тұяқбаевқа, ҚР елшісі Талғат Қалиевке және «қайту хатын» ресімдеуге қатысқан басқа да барлық адамдарға ризашылығым шексіз. Мен олардың өзіме деген қамқорлығын және көмектесуге ынталылығын анық сезіндім. Барлықтарыңызға мың алғыс және отбасыларыңыз бен жұмыс барыстарыңызға тек сәттілік тілеймін! Құрметпен, Сергей Быков», деп жазды ол.
Өз кезегінде Е. Ыдырысов шетелдегі қазақстандықтар мен олардың мүддесін қорғау сыртқысаяси ведомство қызметкерлерінің барлығының парызы екенін жазды.
«Ізгі сөздеріңіз бен тілектеріңізге көп рахмет. Біз сіздің ризашылық сөздеріңізді ОАР-дағы ҚР Елшісі Талғат Қалиев пен консул Ернұр Тұяқбаевқа және сол елде өз міндеттерін адал атқарып жатқан басқа да қызметкерлерге жеткіземіз. Қазақстанның сыртқысаяси ведомствосы шетелдегі қазақстандықтар мен олардың мүдесін қорғауға ерекеше мән береді. СІМ өз жұмысын атқару кезінде біздің азаматтарымыз жауапкершілік танытып, консулдар айтқан барлық тапсырмаларды тиянақты орындаса, бірлескен еңбектің нәтижесі одан сайын жемісті болады. Біз қызметкерлеріміздің сізге қиын сәтте көмектесе алғанына өте қуаныштымыз. Болашақта сіз шетелде осыған ұқсас қиыншылықтарға тап болмайсыз деп сенеміз», - деді министр.