Анкара, Әбу-Даби, Бакудегі сайлау учаскелері өз жұмысын бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі бірқатар мемлекеттердегі сайлау учаскелері жұмысын бастағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік Telegram-дағы парақшасында Тблисидегі №277, Бакудегі №286, Әбу-Дабидегі №283, Анкарадағы №286 сайлау учаскелері өз жұмысын бастағанын жариялады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстанда және Өзбекстанда дауыс беру басталғанын хабарлаған болатынбыз.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, шетте жүрген қазақстандықтар 15 мемлекетте 17 сайлау учаскесінде дауыс береді.

Соңғы жаңалықтар