Анкара мен Ереван дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға келісті

АСТАНА.  Қыркүйектің 1-і.  ҚазАқпарат - Түркия мен  Армения   дипломатиялық   қарым-қатынас орнату туралы келісім жасады.
None
None

Бұл туралы Түркияның  Сыртқы  істер министрлігінің  өкілі Бурак Озугергин   мәлім  етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат  Associated Press  агенттігіне  сілтеме  жасап.

Оның айтуынша,    алда  қарым-қатынасты   орнатудың  нақты  шарттары  туралы  келіссөздер ғана    қалды.    Келіссөздер    алдағы 6 аптаның ішінде  аяқталады  деп күтілуде.

Естеріңізге сала  кетейік,  ағымдағы жылдың сәуір  айында  Түркияның    Сыртқы істер министрлігі   Армениямен  арадағы екіжақты қатынасты  ретке келтіру  туралы  келіссөздерде  «ілгерілеушіліктің» бар  екенін    хабарлаған  болатын. Екі  мемлекеттің  және     осынау келіссөзде арағайын  болып отырған Швейцарияның  сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесінде  атап көрсетілгендей,  Анкара мен  Ереван  екіжақты қарым-қатынасты реттеудің   кезең-кезеңдік  жоспарын  өзара келісті.

Түркия    бірқатар шарт  қойып  отыр.   Олар - 1915  жылғы армяндар геноцидін халықаралық   қауымдастықтың тану саясатынан  Арменияның    бас тартуы және   Қарабақ       проблемасын     реттеу    шарттары.  Ереван өз тарапынан,   Түркиямен ешқандай алдын-ала шартсыз   дипломатиялық  қарым-қатынас орнатуға әзір  екенін мәлім етуде.

Соңғы жаңалықтар