Анкара мен Вашингтон Түркияның Сириядағы операциясын тоқтатуға келісті
«Біз қалаған нәтижеге қол жеткіздік», - деді Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу.
Түркия мен АҚШ делегациялары YPG лаңкестерінің қолында тұрған ауыр қаруды жинауға, сондай-ақ, топтың позициясы мен бекіністерін жоюға келісті. Чавушоглу «Бейбітшілік қайнары» операциясының тоқтатылатын мәлім етті.
АҚШ вице-президенті Майк Пенс Түркия мен АҚШ делегацияларының Анкарадағы келіссөздерінен кейін АҚШ YPG террористік ұйымының Сирияның солтүстігіндегі қауіпсіздік аумағынан 120 сағаттың ішінде шығарылуын қамтамасыз ететінін мәлім етті.
«Біздің мақсатымыз – алдағы 120 сағат ішінде YPG-ні шығару. Аталмыш процесс басталып кетті», - деді саясаткер.
Ол YPG Вашингтонға өз күштерін аймақтан шығаруға кепілдік бергенін атап кетті.
Сондай-ақ, Пенс Түркия мен АҚШ Сирияның солтүстік-шығысындағы ДАИШ-ты түпкілікті жою мәселесі бойынша ортақ пікірге келгенін атап өтті.
Вице-президенттің айтуынша, Сирияның солтүстік-шығысында атыс тоқтатылған жағдайда АҚШ Түркияға қатысты шектеу шараларын жою мәселесін қарастырады.