Анкара: Сирия шекарасында «жанкешті белбеуін» тағынған ИМ содырлары ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның қауіпсіздік қызметі алдын ала болжам бойынша «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының мүшелері деп саналып отырған 10 содырды қолға түсірді. Олар Сирия жағынан ел шекарасына енбек болған, деп хабарлайды Би-би-си.

Анкара: Сирия шекарасында «жанкешті белбеуін» тағынған ИМ содырлары ұсталды

Олардың бірі «жанкешті белбеуін» тағынғаны мәлім болды.

Айта кетейік, сенбі күні Стамбулда жанкешті жасаған жарылыс салдарынан 4 адам ажал құшқан болатын. Полиция болжам бойынша тағы да жарылыс жасауға дайындалып жатқан қылмыстық топты іздестіруді бастап кетті. Мәліметтер бойынша, Стамбулдың әр түрлі аудандарында осы сәтке дейін 3 адам қолға түскен.