Анкарада сауда орталығында жарылыс болды, жараланғандар бар

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Түркияның Анкара қаласында, Остим өнеркәсіптік палатасында қуатты жарылыс болды.

Анкарада сауда  орталығында  жарылыс болды,  жараланғандар бар

Бұл туралы РБК агенттігі түріктің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан біраз адам зардап шеккен, бірақ жараланғандардың нақты саны әзірге белгісіз. Кісі құрбандығы туралы ақпарат жоқ.

Жарылыстың «Мегацентр» сауда кешендерінің бірінде болғаны хабарланып отыр. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер, дәрігерлер және тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатыр. Алдын ала долбар бойынша, жарылысқа газ себеп болуы ықтимал.