Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының СІМ басшылары кездеседі

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – 16 наурызда Түркия астынасында Түркі мемлекеттері ұйымының СІМ басшылары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде осындай мәлімет айтты.

«2023 жылғы 16 наурызда Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді. Қазақстаннан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров қатысады.

Отырысқа қатысушылар Түркі мемлекеттері ұйымының мемлекеттер басшыларының алдағы саммитіне дайындық мәселелерін талқылайды, сондай-ақ мемлекет басшыларының қол қоюы жоспарланған құжаттардың түпкілікті жобаларын бекітеді», - деді СІМ ресми өкілі.


Соңғы жаңалықтар
telegram