Анкарада Түркияның бұрынғы президенті генерал Эврен 98 жасында дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда 98 жасында бұрынғы ел президенті генерал Кенан Эврен өмірден өтті, оған 1980 жылы әскери төңкеріс ұйымдастырғаны үшін өмір бойы түрмеде жазасын өтеу үкімі шығарылған, деп жазады Би-би-си.

Анкарада Түркияның бұрынғы президенті генерал Эврен 98 жасында дүниеден өтті

Төңкерістен кейін басшы болған генерал Эврен 2010 жылға дейін жауапқа тартылған жоқ.

2014 жылы жазда Эврен мемлекетке қарсы қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылып, әскери атағынан айырылды.