Анкарада Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орайластырылған конференция өтті (ФОТО)

Шарада муниципалитет мэрі Кечиорен Мустафа Ак, ТР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Жансейіт Түймебаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бахтияр Өнербаев және ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов сөз сөйледі. Олар жыр алыбының шығармашылығы жайында айтты.
Ж.Жабаевтың шығармашылығын зерттеген қазақстандық және түрік ғалымдары баяндама оқыды. Соның ішінде, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы және филолог Тоқтар Әлбеков, Еуразия жазушылары Одағының төрағасы Якуб Омероғлу, университет доценті Мугла Экрем Аян мен университет доценті Гази Джамиля Кынаджы бар.
Конференцияға Түркияның түрлі университеттерінің профессорлық-оқытушылар құрамының өкілдері, ғалымдар мен әдебиеттанушылар қатысты, деп хабарлады ТР-дағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметінен.