Анкарадағы қанды теракт: 50 шетелдік тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Стамбулда антитеррорлық рейд барысында «Ислам мемлекетімен» байланысы бар деген күдікпен 50 шетелдік азамат ұсталды. Олардың Сирия және Ирак елдеріне өтіп, «ИМ-ге» қосылу ниеттері болған, деп хабарлайды planet-today.ru.

Анкарадағы қанды теракт: 50 шетелдік тұтқындалды

Кең ауқымды рейдтік шара 10 қазан күні Анкарада орын алған қанды терактқа байланысты ұйымдастырылған. Бұл Түркия тарихындағы ең ірі лаңкестік оқиғалардың бірі болды, оның салдарынан 102 адам қаза тауып, 200-ден астамы жараланды.

Стамбулдың Пендик ауданында 17 үйге тексеру жүргізіліп, барлық қолға түскен азаматтар полиция бөліміне әкелінді. Бұлардың нақты қай елдердің азаматтары екені туралы ақпарат жоқ.