Анкарадағы лаңкестік әрекет құрбандарының саны 37 адамға дейін өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анкара қаласындағы лаңкестік әрекет құрбандарының саны 37 адамға дейін өскен, 70-тен астам адам ауруханаларда жатыр. Бұл турады Түркияның Денсаулық сақтау министрі Мехмет Муэззиноғлы хабарлады, деп жазады ТАСС.

Еске сала кетейік, жарылыс Анкара қаласындағы басты көшелердің қиылысында жергілікті уақытпен сағат 18.40-та (Астана уақытымен сағат: 22-40) болды. Сол жерде көп адам жиналған аялдама болған.

Жарылысқа қатысты лаңкестік ұйымдар әзір мәлімдеме жариялаған жоқ. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, түрік арнайы қызметінің өкілі билік бұған «Күрдістан жұмыс партиясы» немесе осы ұйымға қатысты адамдарды күдікті болуы мүмкін деп санайтынын айтқан.

Соңғы жаңалықтар
telegram